Ірі апатқа ұшыраған саяхатшы Facebook-тегі жазбасының арқасында аман қалды

Лиссабонда тұратын АҚШ тұрғыны Майки Литкотт ірі жол апатына ұшырады. Ол өлім аузында жатқан жерінен Facebook-те жазба қалдырып, соның арқасында аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ірі апатқа ұшыраған саяхатшы Facebook-тегі жазбасының арқасында аман қалды

36 жастағы саяхатшы танысы Стэйси Эномен бірге Индонезияның Бали араланына барған. Скутермен саяхат барысында Майки оны басқара алмай, екеуі аударылып кетеді. Есін жиған кезде Литкотт көзінің анық көрмей қалғанын әрі сол қолының жансызданып қалғанын сезеді. Сол сәтте құрбысының даусын естиді. Оның да қимылсыз жатқанын түсінеді.

Литкотт телефонын алып, Facebook желісін ашып, ауыр жағдайда жатқаны туралы пост жазады.
Үнемі саяхаттайтын азаматтың желіде достары көп. Оның жан айқайын алғаш болып Бруклинде тұратын құрбысы көріп қалады.

Ірі апатқа ұшыраған саяхатшы Facebook-тегі жазбасының арқасында аман қалды

Ол зардап шеккен азаматқа хабарласып, тұрған жері жайлы ақпаратты жіберуді сұрайды. Facebook-тегі өзге достарын да көмекке шақырады. Бірігіп іздеуге кіріскен достар олардың нақты орналасқан жерін анықтап, екеуін емханаға жеткізеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар