Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранға келген туристер хиджабқа қарсы наразылықтарын білдірді

Иран әйелдері хиджаб киюге міндетті. Алайда желіде осы заңға қарсы бастама қолға алынды. Онда Иранға барған туристтер сол елде орамалдарын шешіп, суретке түсіп оны фкйсбуктегі парақшаларына жүктеп жатыр.

иран1

Бұл туралы BBC басылымы  жазған.

Мұндай бастаманы қолға алған  желідегі қозғалыс My Stealthy Freedom (менің жасырын еркіндігім) деп аталады. Бұл компанияның жұмыс істеп кележатқанына екі жыл болған. Осы уақыт ішінде тек туристер емес Иран әйелдері сот жауапкершілігінен қорықпастан орамалдарын шешіп, жүздерін көрсетіп наразылықтарын ашық білдірген.

Бұған соңғы кездері әуесеріктеріне Иранға барғанда жолаушыларға қызмет көрсетпеуге рұқсат берген француздық әуе компаниясын қосыңыз.

иран

Онда араға сегіз жыл салып  рейс іске қосылған кезде, бір топ әуесерік қыздар Тегеран рейісінен өздерін алуды сұраған. Әрине бұл ел ішіндегі әйелдерге деген тәртіппен тікелей байланысты. Өйткені қыздар Иран астанасында хиджаб киюге міндеттелген еді.

иран3

Дүйсенбі күні  Air France қыздардың талабын мақұлдаған болатын. Тіпті Иранға сапар кезінде әуесеріктердің қызметін арнайы роботтар атқаруы мүмкін деген.

My Stealthy Freedom  компаниясының өкілдері Иранға қыдырып барған азаматтар қаланың ішінде орамалдарын шешіп суретке түсіп, желіге жүктеулерін сұраған. Қазір желіде мұндай суреттер саны ондаған мыңға жетіпті.

Суреттер мен қоса түрлі елдің келіншектері өз ойларын желіде ашық жазған.

иран2

«Сіздердің билік  Аллахтың атымен сізді  кемсітіп жатыр. Олар сіздердің бас көтеріп, еркін жүргендеріңізді қаламайды. Бірақ сіздердің іштеріңізде айтатын ойларыңыз жиналып тұр» делінген бір жазбада.

«Қандай өкінішті тек осы елде тұратын ғажайып әйелдер ғана емес, қонаққа келген біздер де хиджаб киюге міндеттіміз. Өз-өзіңді тұмшалау менің ашуыма тиіп, ызамды келтірді»,-деп жазған тағы бір азамат.

Тағы бір келіншек «Иран керемет жер, ирандықтар тамаша халық. Олар сондай қонақжай, олар бостандық пен бейбітшілікке құмар. Хиджаб киюге міндеттеу құлдық санаға жетелеу сияқты көрінді. Ең жаманы мен ол елде бостандық пен еркіндікті сезіне алмадым. Менің өмірімнің 22 күні осылай болды. Ал ондағылар өмір бойына хиджаб киюге міндетті.

My Stealthy Freedom компаниясының өкілі Иранда орамалын шешіп суретке түскен әйелдердің барлығы да аман-есен өз отандарына оралғанын айтады.

 

Талқылау