Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда шенеуніктер аса көп жоғары жалақы алғаны үшін жұмыстан қуылды

Иранда ұлттық даму қорының жетекшілігі аса көп жоғары жалақы алатыны үшін толықтай құраммен жұмыстан қуылды.

601513

Сурет asialive.info

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Қор жетекшісі Сафдар Хосейни мен басқару кеңесінің бес мүшесін жұмыстан қуу туралы шешім сенбі күні өткен жиын кезінде қабылданған. Қор жетекшілігінің жұмыстан кетуі ел билігінің мемлекеттік шенеуніктердің аса жоғары жалақы алуымен күресу аясында қабылданған шара. Мемлекеттік рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің бастамалық жасауымен осы аптада елдегі төрт ірі банктың да басшылары жұмыстан кетті.

Жұмыстан кету шаралары баспасөзде жарияланған топ-менеджерлердің “астрономиялық айлықтарына” байланысты басталды. Өткен аптада аятолла Әли Хаменеи ел президенті Хасан Роуханиге “бұл мәселемен айналысу туралы” бұйрық берген болатын. “Шенеуніктердің аса көп жалақы алуы халық наразылығын тудырады”, – деп атап өтті рухани көсем.

Ертеректер жергілікті БАҚ-тарда жарияланғандай мемлекеттік компаниялар, банктер және министрлік басшылары ай сайын 40-60 миллион туман (шамамен 11,5-17 мың доллар) айлық алып келген. Қазіргі таңда елдегі орташа жалақы айына 400 доллардан аспайды.

Ал жұмыстан кеткен ұлттық даму қорының басшысы Сафдар Хосейни айына жалақы ретінде 57 миллион туман (16,3 мың доллар) алып отырған.

Талқылау