Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда гей имам бір жынысты ғашықтардың некесін жасырын қиып жүрген

Иранда бір жынысты ғашықтарға шариғат заңымен тыйым салынған,  бұл заңға бағынбағандар  өлім жазасына кесіледі.

гей-таха

Бұл туралы BBC басылымы жазды.

Дегенмен  елдегі бір жынысты ғашықтар еш қиналмастан өздерінің некесін шариғат бойынша заңдастырып жүрген. Себебі Ирандағы мешіттердің біріндегі имамның өзі де гей болған.

гей-имам

Ол өзі сияқты ұстаным мен сенімдегі адамдардың некесін жасырын киып жүрген. Ирандық  имам осы әрекеті үшін өлім жазасынан қашып басқа елге көшіп кеткен.

ВВС тілшісі Таха деп атаған бұрынғы Иран имамы өзгелер сияқты басына ақ сәлдесін орап, шапанын киіп өзгелерге ислам бойынша қажетінше көмек көрсетіп мешітте отырған.

«Мен расымен де бір жынысты ғашықтардың некесін қидым. Ирандағы соңғы бірнеше ай мен үшін өте қиын болды. Себебі, билік мені күдікке алып, бірнеше мәрте тергеуде болдым. Олар маған молда болғандығым үшін гейлермен араласуға болмайтынын айтты. Өзге молдалар менің гей екенімді сезіп, күдіктене бастады. Олар мені өлтіреміз деп қорқытты»,-дейді  мұсылман дінін таратушы Таха есімді гей имам.

Таха өзін Cтамбұлда өте еркін сезінетінін айтады. Сондай-ақ, Таха бар құпиясын ашқан тілшіге онда өзі сияқты мұсылман дінін ұстанған гей жұптардың өте көп екенін айтып, таныстырған.

Гей молда күндіз молдаларша киініп, әдеттегі жұмысын істеп жүреді. Кешкісін беті-жүзін бояп гейлер бас қосатын түнгі клубқа шығады. Онда оны өзі сияқты достары күтеді.

Осы мәселені көтеріп жүрген тілші түнгі клубта Ираннан қашып келген гей жұппен танысқан. Олар да бастарындағы мәселені айтып, Стамбұлға сезімдеріне еркіндік іздеп келіпті.

«Біз сияқты  жұптардың некесін шариғат бойынша заңдастырмақ түгілі молдалар қарғыс айтатын. Енді гей молда досымыз бар. Некемізді Тахаға қидырамыз»,-дейді  аты жөндерін жасырған Иран тумалары.

Бұл азаматтардың  бір жынысты ғашық екенінен туыстары бейхабар екен.

 

 

Талқылау