Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда депутат әйелді хиджапсыз сурет жариялағаны үшін қызметінен босатпақ

Иранның пікірталас жөніндегі комитеті ақпан айында парламент депутаты сайлауында жеңіп шыққан әйелді орнынан босатпақ. Оған себеп депутат әйелдің Европаға сапар кезінде хиджапсыз түскен суретін жариялағаны болды.

pic_4e4cf967fdb5cdb070f5e70f576789dc

Сурет: lenta.ru

Ал, Халегидің өзі Ислам ережелерін ұстанатынын, ал оның жалаң бас суреті қолдан жасалғанын айтады. Ол суретті әлдекімнің қолдан жасап жариялағаны үшін сотқа арызданды. Комитет отырысынан кейін бұл іске жауапты ер адам ұсталды.

Иран президенті Хасан Роухани Twitter желісіндегі парақшасында Халегиді қолдап: «Елімізде алғаш рет 18 әйел депутаттар мәжіліске кірді. Біз қымбатты әйел қауымының барлық жерде, әсіресе саясатқа араласқанына қуанамыз», – деген еді.

Халлегиге қатысты мәселе аяттола Кхаменейдің соңғы сөзімен шешіледі. Оның шешіміне депуттаттың өзі мен жақтастары үміт артып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Иранда әйелдерді кемсіткен депутатты сотқа берді

Талқылау