Иранда апатқа ұшыраған ұшақ тауға соғылған болуы ықтимал

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.

Иранда ұшақ апатынан қаза тапқан 66 адамның арасында  ТМД азаматтары болмаған.  Францияда шығарылған АТР -72 ұшағы жергілікті Aseman Airlines авиакомнапиясына тиесілі еді. Рейс Теһраннан елдің оңтүстігіндегі Ясудж қаласына бағытталған. Алайда 50 минут өткен соң радардан жоғалып,  Исфахан таулы аймағында құлапты. Бортта болған  60 жолаушы мен 6 экипаж қызметкері түгел қайтыс болған. Лайнер шаңды дауыл кезінде айналасын көрмей, тауға соғылған деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетсек, 18 ақпанда Иранда жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшыраған еді.

Оқи отырыңыз:

Жуынатын бөлмеде селфи түсірмекші болған әйел қайтыс болды

Борттағы жолаушы жағымсыз иіс таратқандықтан ұшақ шұғыл түрде жерге қонды

Қырғызстан Қазақстанда ұсталған қырғызстандық депутатқа байланысты мәлімдеме жасады

Екі қолы жоқ болса да кірпіш қалап нәпақасын тауып жүрген мүгедек жігіт елді сүйсіндірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар