Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран спортшысы олимпиадалық алтын медалін имам Реза мешітіне тарту етті

Ирандық балуан Хасан Йаздани Шариати осы жылы олимпиадада ұтып алған алтын медалін имам Реза мешітіне тарту етті.

RIOEC8J1P4J2E_768x432

Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы палуан 2014 жылы жастар арасындағы әлемдік чемпионатта да, 2015 жылғы әлем кубогында да алтын медалды қанжығасына байлаған саңлақ спортшы. Әлі дүбірі басыла қоймаған Рио қаласындағы олимпиада да айқын жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Мешһед қаласындағы имам Реза атындағы мешіт шииттік мұсылмандар қастер тұтатын орындардың бірі. Оның бірегей сәулетіне бола жылына 20 млн адамға дейін тамашалап кетеді.

Талқылау