Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран-Ирак шекарасындағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 141 адамға жетті

Иранда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 141 адамға жетті.

Бұл туралы  РИА Новости  басылымы хабарлайды.

Жер сілкінісі 12 қарашада Иран мен Ирак шекарасында болды. Еуропалық жерортатеңіздік сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, зілзала магнитудасы – 7,2. Табиғи апат салдарынан Иракта алты адам мерт болды.

Қызыл жарты ай ақпаратына сүйенсек, 70 мыңға жуық ирандықтың үйі жермен-жексен болған, қазір олар уақытша баспанаға мұқтаж. Ел билігі зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуде.

Түркия Иран халқына көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Зілзаладан зардап шеккен Ирак өңіріне мобильді топтар жіберілді, Түркия ауруханалары жаралыларды қабылдауға дайындалып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы арнайы операция: ұсталғандардан қару мен бронежилет табылды

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Алматыда көктайғақ: Бір қиылыста 4 жол апаты болды

Астанада Infiniti көлігі екі қызды қағып кетті

Талқылау