Иран еркектері әйелдерді қолдау мақсатында хиджаб киді (фото)

Дүйсенбі, 1 Тамыз , 2016 18:48

Ирандық ер адамдар өздерінің хиджаб киген суреттерін жаппай әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктей бастады. Олар орамал тағуы міндетті болып саналатын әйелдер қауымын осы әрекеттері арқылы қолдағысы келіпті.

1414

Жігіттер бұл акцияны #MenInHijab хештегімен жариялауда. Олар бастарына орамал немесе хиджаб тағып түсіп жатыр. Олар осы суреттерді жариялап, киім киюде иран әйелдеріне еркіндік берілуін талап етуде.

Флешмоб авторы Ұлыбританияда тұратын журналист қыз Мазих Алинеджад. “Бұл еркектердің көбісі Иранда тұрады және күн сайын әйел туыстарының хиджаб киіп тұмшалануға мәжбүр болатынын көріп жүр” дейді ол.

1515

2014 жылы Алинеджад биліктің қудалауымен елден кетіп, My Stealthy Freedom онлайн-жобасын құрған болатын. Ол ирандықтарды адам жоқ жерде орамалсыз суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде жариялауға шақырған.

1717

Иранда әйелдердің хиджаб тағуы 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін міндеттелген. Бұған дейін Иран әйелдерінің орамалдан бас тартып жатқанын хабарлаған едік.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру

Орамалдын несі жаман екен. Әйел затынеш түсінбейсің. Қазіргі көбісі орамал таққанды намысына тигендей көретінін айтсаңшы

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар