Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран елін сегіз жыл басқарған Махмұд Ахмадинежат билік басына қайтып оралуы мүмкін

Иран Ислам Республикасын төрт-төрттен сегіз жыл басқарған Махмұд Ахмадинежат билік басына қайтып оралуы мүмкін.

418690350

Бұл туралы 31 арна хабарлап отыр.

Президенттіктен кеткеннен кейін, жоғарғы оқу орнында дәріс оқып, жұмысына қоғамдық көлікпен қатынайтын экс-президент мамырдың 19-ы күні өтетін президенттік сайлауға үміткер ретінде қайта тіркелді.

Махмұд Ахмадинежат Президент кезінде Иран мемлекетінің ядролық бағдарламасын қолдап, бұл саланы қауіпсіздік мақсатында дамыту қажет деп есептеген. Сол үшін АҚШ пен батыс елдері Иранға экономикалық санкциялар да салған.

Экс-президент өз елінде әйелдер мен еразаматтардың құқықтарын теңестірем деп, дінбасылары тарапынан да сынға ұшыраған. Кедей отбасыдан шыққан Махмұт өмірде де өте қарапайым. Биліктен кеткен соң туған қаласына оралып, бос уақытында тіпті қой да баққан.

Оқи отырыңыз:

Рамзан Қадыровтың қызы екі апта бұрын танысқан жігітке тұрмысқа шықты

Түрмеден шыққанына бір ай ғана болған ер адам 9 жасар қызды зорлады

Тікелей эфирде отырған жасөспірім абайсызда өз-өзін өлтіріп алды (видео)

Анасы 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын YouTube арқылы тапты

Талқылау