Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ИРАН Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшесі атануы мүмкін

Санкциялар алынып тасталғаннан кейін, әлемдік сауда нарығына қайта оралған Иран, енді Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге ниетті.

iran-flag

Бұл туралы ТРЕНД ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Иран Ислам Республикасының Әзербайжан мемлекетіндегі елшісі Мохсен Пакайин БАҚ өкілдерімен кездесуде, осы ақпаратты жария еткен.

Елшінің айтуына қарағанда, Иран мемлекеті TANAP газ құбыры сияқты ірі аймақтық жобаларға қосылуға дайын.

“Біз елімізге пайдасы тиетін барша жобаға атсалысуға дайынбыз”, – деп атап өтті өз сөзінде дипломат.

Ол Иран транзиттік жобаларды жүзеге асыру үшін Әзербайжанның инвестицияларын пайдалана алады деп санайды.

Талқылау