Иран әлемдік нарыққа бір күнде 2,1 млн тонна мұнай шығаруға дайын

Дүйсенбі, 18 Қаңтар , 2016 19:03

АҚШ Иранға салған санкциялардың күшін жойғаннан кейін, әлемдік мұнай нарығына Иранның да мұнайы келіп қосылды. Иран Ислам Республикасы енді нарыққа күніне 2,1 млн тонна қара алтын шығарғалы отыр.

An Iraqi oil worker looks on to the Basra Oil refinery in southern Iraq Wednesday May 14, 2003. British officials predict that oil production will be back to 100% by the end of this month as they handed over the security of the Basra oil refinery to the first batch of Iraqi servicemen trained by the British. (AP Photo/Elizabeth Dalziel)

Бұл туралы бүгін Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу мәлімдеді.

«Санкция салынғанға дейін Иран тәулігіне төрт миллион баррель мұнай өндіріп, оның 2,1  миллионын экспортқа шығарып келген еді. Санкциялардың салдарынан экспорт көлемі тәулігіне бір миллион баррельге дейін төмендеп кетті. Ал ендігі уақытта Иран бұған дейінгі көлемді экспортты қалпына келтіруге дайын», – деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына.

Осы орайда Иран Елшісі тілшілер тарабынан туындаған тағы бір сауалға орай, Иранда мұнай өндірудің өзіндік құны барреліне он долларды құрайтындығын айта келе бүгінгі таңда әлемде орын алып отырған қара алтынның бағасы  көңілдерінен шығатындығын да жасырмады.

«Әрине, мұнай бағасы арта түссе Иранның пайда табатындығы анық. Дегенмен, ескерер тағы бір жайт бар. Иран мұнайының өзіндік құны басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен», – деді ол.

Мамандар нарыққа Иран мұнайының қосылуымен, қара алтын бағасы тағы да құлдырауы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар