Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone төлқұжаттың орнын басуы мүмкін

АҚШ патенттік ведомствосы Apple компаниясының жеке тұлғаны iPhone арқылы сәйкестендіру технологиясын тіркеуге алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Apple Insider порталына сілтеп.

iPhone төлқұжаттың орнын басуы мүмкін

Бұл технология төлқұжаттың орнына смартфонды пайдалануға мүмкіндік береді деп болжануда. Онда ақпаратты сұраушы орган телефон иесінің шифрланған деректерін қорғалған деректер қорынан ала алады.

Компания телефондағы ақпаратты радио жиілігін сәйкестендіру технологиясын пайдаланатын мысалы, NFC арқылы жіберуді жоспарлап отыр. Ал, деректердің қорғалуын  Touch ID және Face ID идентификаторының биометриялық тексеру технологиялары қамтамасыз етеді.

Тұжырымдаманың ауқымы кең. Оны жеке компаниялар мысалы, қызметкерге арналған өткізу жүйесінде және мемлекет төлқұжатты бақылау кезінде қолдана алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау