Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone телефоны өртеніп, ұйықтап жатқан қыздың қолын күйдірді

18 жастағы бойжеткен ұйықтап жатып денесінің күйгенін байқамай қалды.

Норфолк қаласында 18 жастағы қыздың iPhone телефоны күйіп, денесін жарақаттады. Смартфон қыздың иығын күйдіріп жіберген.

Раэль Манинг-Мурдың айтуынша телефон қуаттағышта тұрғандықтан күйіп кеткен. Ол телефонын төсекке қойып, өзі иығымен басып қалғанға ұқсайды.

«Дәл сол түнгідей ешқашан ауырып көрмеппін», – дейді қыз.

Бойжеткен бірнеше апта бұрын iPhone телефонын Apple сервистің орталығына апарғанын, бірақ компаниядан еш жауап алмағанын айтты. Оған қуаттағыштың түпнұсқа екенін айтқан. Ал тілшілердің сұрағына Apple қызметкерлері құрылғыны әлі де тексеріп жатқандарын жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау