Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

iPhone 7-нің қуат көзі өзге смартфондармен бәсекелесе алмай қалды

Apple компаниясының жаңа iPhone 7 смартфонының қуаттау көрсеткіші ең төменгі нәтижені көрсетті.

maxresdefault-650x365

Фото: appleinsider.ru

Сарапшылар iPhone 7-ні HTC 10, LG G5 және Samsung Galaxy S7 компанияларының өнімдерімен салыстырған. Алғашқы тест барысында олар құрылғының әңгімелесу кезіндегі автономдылығын тексерген. Ал екінші сынақта желіге қосылған кездегі қуат күшін байқаған. Нәтижесінде iPhone 7 ең соңғы орынға ие болыпты.

Бірінші сынақ кезінде ол тек 12 сағатқа дейін шыдаса, HTC 10 31 сағат бойы тынбай жұмыс істеген. Ал желіге қосылу кезіндегі жұмыс сынағында iPhone 10 сағаттан шамалы ұзақ тұрыпты. Ал HTC бұл ретте 13 сағаттық көрсеткішпен алға шығып кеткен.

Зерттеу жұмысының авторлары бұл жағдайды iPhone аккумуляторындағы аз көлеммен байланыстырады. Салыстыра қарайтын болсақ, iPhone 7 аккумуляторы 1960 миллиампер-сағатпен жұмыс істесе, бұл көрсеткіш HTC-де 3000 санын көрсетеді.

Apple компаниясы iPhone 7-ні жыл сайынғы Сан-Францискода өткізетін дәстүрлі шара барысында таныстырды.

Оқи отырыңыз:

20 жастағы қыз көңілдесінің әйелінен өлімші болып таяқ жеді (фото)

Жапонияда жігіттердің ақшаға әйелдердің көз жасын сүртетін қызмет пайда болды (фото)

Қытайдағы екі түсті көлдің көрінісі (фото)

Талқылау