Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иосиф Сталиннің АҚШ-тағы немересі фотосуреттерімен жұртты шошытты

Иосиф Сталиннің 43 жастағы немересі Крис Эванс (Chrese Evanse) АҚШ-тың Портленд қаласында (Орегон штаты) тұрады, оның жеке антикварлық дүкені бар. Жақында ол әлеуметтік желілерде қару-жарақ асынып түскен суретін жариялап, интернет пайдаланушыларды шошытты.

20160318075116

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Желіде оның суретін көрген жан «түріне қара, атасына ұқсамайды», «Сталиндей емес», «Өз көзіме сене алар емеспін» деген сыңайдағы таңқалып, таңдай қаққан сөздерін жазып жатыр.

Жалпы, ол танымал адам емес, ол туралы ақпарат өте аз. 1966 жылы оның анасы, Иосиф Сталиннің қызы Светлана Аллилуева Үндістанға достық сапармен барып, АҚШ Елшілігінен саяси пана сұраған болатын. 1970 жылы есімін Лана Питерс деп өзгерткен Светлана АҚШ азаматына тұрмысқа шығып, дүниеге Крис есімді қызын әкелді.

1984 жылы көсемнің қызы Кеңес одағына оралып, бірақ мұнда екі жыл ғана тұра алады. Сосын кері, АҚШ-қа кетеді. Кейбір деректерде Крис Эванстың анасымен байланысы оның КСРО-ға кеткені үшін үзіліп қалғаны айтылады. Светлана 2011 жылы АҚШ-та қайтыс болған.

Талқылау