Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иорданияда көзін сканерден өткізген босқынға тегін тамақ беріледі

Сириядан келген босқындарға дүкеннен тамақ алу үшін банк карталары мен талондардың керегі жоқ. Себебі енді оларға кассаға келіп, көздерін сканерге түсірсе жеткілікті. Мұнан өзге ешқандай төлем түрі қажет емес.

Безымянный

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бұл жаңашылдықты БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы енгізіп, оны иордан жеріндегі серіктестер құптады. Ең басты шарт – мигрант БҰҰ Босқындар жөнінен бас комиссары басқармасының деректер базасында тіркелген болуы тиіс.

Жалпы төлем операциясы жергілікті IrisGuard сканерлеу бағдарламасы арқылы іске асырылады. Ол сканерден өткен босқынның алған азық-түлік құнын есептеп, арнайы гуманитарлық көмек қорынан төлемнің түсуін іске асырады. Сол кезде кассадан чек шығып, ол босқынға беріледі.

Айта кету керек, бүгінде Иорданияда Сириядан көшуге мәжбүр болған 600 мыңға жуық адам тұрып жатыр.

Талқылау