Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иордания тақ мұрагерінің көпшілік қызығатын салтанатқа толы өмірі (фото, видео)

Хуссейн бин аль-Абдалла — II Абдалланың баласы Иордания  тақ мұрагері. Оның Инстаграм желісіндегі  парақшасына  798 мың адам жазылған. Онда  Иордания билігінің мирасқоры әскердегі жаттығулары мен  шөлді жерлерге мотоциклмен жасаған саяхаттарында түскен суреттерін жиі жүктейді. Ханзаданың өміріне қызығатын халық оның сымбаттылығы мен жарқын жүзіне қызығып, өмірлік ұстанымдары мен жазбаларына тамсанудан жалығар емес.

ханзада


Вашингтондағы Джорджтаун университетінің түлегі ханзада Хуссейннің әскери шені аға лейтенант. Ол Иордания қарулы күштерінде қызмет етеді. Ол әскердегі жаттығу барысында түскен суреттерін үнемі желідегі парақшасына жүктеп отырады.


Ханзада жабайы табиғатта серуендегенді ұнатады. Ол үнемі Иордания шөлінде демалған сәттерінен суреттер жүктейді.

بعد جولة طويلة على الدراجة After a long enjoyable bike ride

Фото опубликовано Al Hussein bin Abdullah II (@alhusseinjo)


Ханзада спорт түрлерінен футболды ұнатады. Одан бөлек мотоцикл жүргізгенді жақсы көреді.


Осы жылғы оразада ханзада әкесімен бірге әскерилердің ауызашарына қатысқан.


Тақ мұрагері гитарада ойнағанды жақсы көреді.

استراحة بعد يوم طويل Taking a break after a long day- some musical diversion to refresh the mind!

Фото опубликовано Al Hussein bin Abdullah II (@alhusseinjo)

Талқылау