Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инвесторлар Apple корпорациясының шығынға ұшырауынан қорқып отыр

2013 жылы корпорация екі модель жасап шығарды. Ал 2017 жылы алғаш рет үш модель жасап шығарды. Десе де, бұл керісінше корпорацияны шығынға ұшыратуы мүмкін.

Бұл туралы Business Insider порталы жазды.

Соңғы 10 жыл ішінде Applе корпорациясының қаржылай жағдайы iPhone өніміне тәуелді болып келді. Бүгінгі таңда да iPhone корпорация табысының 60-70%-ын құрайды.

Apple корпорациясы көп жылдан бері саннан сапаны бағалап, жылына тек бір модель ойлап табатын. 2017 жылы компания басшылары нар тәуекелге бел буып, аталған өнімнің үш бірдей моделін ойлап табуды жөн көрді.

Соңғы уақытта Siri бағдарламасы мен 3D Touch қызметіне байланысты көптеген шағым келіп түссе де, аталған өнім сатылмай қалуы мүмкін деп ешкім ойламаған еді. Apple халыққа бұл өнімнің қаншалықты қажет екенін түсіндіре білді.

Басылымның хабарлауынша, жаңа флагман өтпей қалуы мүмкін. Оның сырты мінсіз етіп жасалған. Бірақ, Apple оған деген сұранысты арттыра алмауы мүмкін. Бүгінгі таңда инвесторлар корпорацияның қаржылық жағдайына байланысты қатты уайымдап жүр. Олар кез келген уақытта банкротқа ұшыраулары ғажап емес.


Жіберіп алмаңыз:

Қыс қарсаңында азық-түліктің де бағасы тағы өсе түсті

Елімізде келер жылдан бастап зейнетақы қаншаға өседі

Бұдан былай бензиннің бағасы литріне 161 теңгеден аспайды

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады

Талқылау