Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инвестиция министрі миллион теңгеге жуық жалақы алатынын айтты

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек салықты ұстап қалғанда, қолына ай сайын 960 мың теңге жалақы алатынын мәлім етті.

DSC_7103-копия

Фото: primeminister.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Министр, сондай-ақ, Қазақстанда шыққан “Киа” маркалы қызметтік көлік мініп жүргенін, бүгінгі брифингке Қазақстанда тігілмеген костюм киіп келгенін айтты.

“Мен Шығыс Қазақстанда құрастырылатын “Киа” маркалы қызметтік көлік мінемін. Қазір үстімдегі костюм Қазақстанда тігілмеген. Жалақыма қатысты айтар болсам, салықты алып тастағанда, қолыма 960 мың теңге жалақы аламын”, – деді министр.

Оқи отырыңыз:

Сағынтаев: Мен өз адамдарыма қарағанда, “Атамекенге” көп сенем

Министр 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді

Алматы полициясы көлікте отырып дәрет сындырған қызметкерді іздеп жатыр

Ата-аналар қалыңмал төлеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Тамара Дүйсенова: Жұмыссыз жүрген жастарды әскерге жіберу керек

Талқылау