Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интимді сурет АҚШ-та жүрген қазақстандыққа іздеу салуға себеп болды

Бір жыл бұрын Сая Томиока пен жігіті Гриффин Мэден Ниь-Йорк қаласына қыдырып келеді. Таймс-скверде суретке түсірумен айналысатын қазақстандық фотограф Аркен Аван сүйісіп тұрған қос ғашықты да таспасына басып алған. Алайда қыз бен жігіт қаладан жылдам кетіп қалады. Ал өткен аптада 23 жастағы Мэдден 3 желтоқсан күні Оклендте болған өрт кезінде қаза тапқан 36 адамның тізімінде болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161212191437

Оның өлімінен соң Томиока 4 желтоқсан күні Фейсбукте өздерін суретке түсірген фотографты табуды өтініп жазба қалдырды.

“Мүмкін бір ғажайып болып қалар, өтініш, бөлісіңіздерші. Достар, сіздердің көмектеріңізбен мүмкін сол фотографты тауып қалармын. Бұл менің жүрегімде қалатын әсерлі сәт. Мен сол бір бақытты шақты қайта көріп сезінгім келеді”, – деп жазды ол.

Оның жазбасы 300-ден астам рет бөлісілген. “Мен олардың түрлерін танимын. Өйткені, олар шынында да керемет сәтті бастан кешіп тұрды”, – деді CNN-ге сұхбат берген Аван.

Өткен бейсенбіде Сая жазбаның бөлісілгендігі арқасында Аркен Аванды тауып, фотограф оған сол бір суретті сыйлады.

“Біздің Грифин екеуміздің махаббатымызды естелікке айналдырғаны үшін Аркен Аванға алғысым зор”, – деп жазды Сая.

Осыдан соң ол өзінің Гриффинге арнап жазған хатын да жариялады.

“Менің қымбатты Гриффинім. Сен өрт құрсауында қалып қойған кезде, мен Лас-Вегаста билеп жаттым. Мен өз нөмірімде бірнеше сағат бойы сені күттім, сенен келер хатты күттім. Келесі күні де ұйықтамадым. Күдерімді үзбей Оклендтегі шерифтің офисінде сағаттап сені күтуді жалғастыра бердім. Мен сені жоғалтсам қалай күн кешемін деп уайымға баттым. Бірақ, мен берілген жоқпын. Біз сені 24 сағаттан соң таптық. Бірақ, бәрібір сені тапқандай керемет күй кешпедім. Мен ғажайыпқа сенген едім”, -деді ол.

Талқылау