Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернеттегі ерсі бейнежазбалары үшін, қазақстандық полицейлерге дәріс өткізілді

Ақтөбелік полицейлерге ерекше сабақ өткізілді. Пагон таққан қызметкерлерге интернетке шығып кетпеудің жолдары үйретілді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

10803509

Сурет newskaz.ru сайтынан алынды

Қазіргі кезде интернетті жол инспекторларының қатысуымен орын алған 100-ден астам ролик кезіп жүр. Қызметкерлерінің ұятқа алып, масқараланғанына төзіп келген басшылық енді олардың әдепті жол сақшысы болуы үшін дәрістер өткізуді жөн деп тауыпты. Ерекше жиналыс барысында полицейлер дәп бір мектеп оқушыларындай сабақ тыңдады.

Сәт сайын интернетке шығып кете беретін ыңғайсыз жазбалардың алдын алу үшін ІІБ басшылығы қарапайым нәрселерден бастап үйретуге көшкен. Статистика тұрғысынан Ішкі істер басқармасының абырой, беделі әп-әжептәуір. Өткен жылы полиция бөліміне 400 шағым түскен. Қаңтардағы санының өзі – 53. Ал интернетке күн сайын басты кейіпкерлері тәртіп сақшылары болып келетін, бірнеше ролик жарқ етіп шыға келеді.

«Ұят болса да айтуға тура келеді, көптеген тәртіп сақшылары өз міндеттерін, қарапайым нәрселерді білмейді. Сіздер өздеріңіз білмейсіздер! Әдепсіз әрекетке барасыздар да, сосын интернетте ұятқа қалып жатасыздар», – деді Ақтөбе облыстық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Әлиев.

Көбіне «торға түсетіндер» жол-патрулдік полициясы екен. Интернеттен іздер болсаңыз, пагонды шенділердің дұрыс сөйлемей, дұрыс әрекет жасамай таң қалдыратын ыңғайсыз бейнежазбалары жетіп артылады. Полиция басқармасы тіпті осындай бейнежазбалардың арнайы топтамасын жасапты.

Талқылау