Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернетте Парижде теракт ұйымдастырған ИМ видеосы пайда болды

Интернетте Париждегі терактіні жүзеге асырған жатқан содырлардың видеосы жарық көрді. Аталмыш ролик «Ислам мемлекеті» ұйымының атынан жарияланған видеода белгісіз тұтқындардың басы шабылғаны көрсетілген.

pic_073c9bfe316b2914856f6130fa13458e

Бұл туралы лента.ру хабарлайды.

Кадрлар өткен жылдың қараша айындағы шабуылға дейін түсірілгеніне қарамастан, 2016 жылдың 24 қаңтарында ғана жарияланған. Алайда нақты қашан таспаға басылғаны белгісіз.

Өлім жазасын іске асырған, Париждегі қантөгіс кезінде көзі жойылған Биляль Хадфи. Сондай-ақ, бейнероликте «Батаклан» концерт залындағы атысты жүргізген Абу аль-Киталь Фаранси де көрініс тапқан.

Олар роликте Лондондағы әулие Павел фонында тұрып сөйлейді. Террористер «кез-келген уақытта, кез-келген жерге» шабуыл жасай алатындарын айтқан.

Бұл ролик Париждегі терактіні жасар алдында түсірілген болуы әбден мүмкін.

2015 жылдың 13 қарашасында парижде 130 адам қаза тауып, 350 адам зардап шеккен қантөгіс орын алған еді. Кейінірек, ондағы жарылыстарды «Ислам мемлекеті» мойнына алған. 19 қарашада арнайы операциямен Сен-Дениді бетке алған Абдельхамид Абауд қолға түскен еді.

Талқылау