Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернетте ересек америкалықтар балалар тапсырмасына бас қатырды

Авторлар мектеп оқушыларына арнап сурет-жұмбақ жасырған. Онда картинада қанша “3” бар екенін табуы керек болған. Алайда бұл сұраққа оқушылар емес, олардың ата-аналары бас қатырып дауласады.

мвсмс

Тапсырма шарты бойынша, айфон экранының абонент нөмірін теретін бөлігі пайда болған сәтте суреттегі үштіктердің саны нешеу екендігін табулары керек. Бұл тапсырма логикалық шешімдерге негізделген. Бірақ, жұмбақтың суреті интернетке салынғаны сол еді ересек америкалықтардың өздері жұмбақ жауабын таба алмай дауласып қалды.

Интернет қолданушылары жауап беру тұрғысынан негізінен үш топқа бөлінеді – 15,19 және 21. Бірақ, шын мәнінде қай жауапты нақты айту керек екенін ешкім таба алмаған. АҚШ тұрғындары экрандағы “үштерді” санаған сайын басқаша жаңа жауап шыға беретінін айтуда.

мвывы

“Мен экранда 21 “үш” бар деп айта алар едім. Біреулер 18 дейді. Мен басынан санап қайтадан өзгеріп кетті, өзіме сенімді емеспін”, – дейді Твиттер қолданушысы Дэни.

Олардың арасында мынадай да сауал туындаған. Желідегілер тек 3 цифрын ғана санау керек пе, әлде үштік мағынаны беретін кез-келген элементті есепке ала берген жөн бе деп бас қатырған.

авв

“Мұнда ешқандай шектеу жоқ, әңгіме барлық “үштіктер” туралы болып отыр. Біз әйеліміз екеуміз санап шыққанда саны 28 болды”, – дейді Фейсбук қолданушысы.

Талқылау