Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram пайда болғаннан бергі тарихында дизайны мен логотипін түбегейлі жаңартты

Instagram компаниясы құрылғаннан бері алғаш рет дизайндық өзгерту жұмыстарын жүзеге асырды.

photo_184322

Сурет tjournal.ru

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Инстаграм 2010 жылы шыққан кезде оның логотипі нағыз Polaroid ретро-камерасының өзгертілген нұсқасы болды. 5 жыл ішінде танымалдылық жинаған қосымша өзгерген жоқ. Тек 2013 жылы ғана жазу көлемі мен дизайнын жеңіл-желпі өзгерткен болатын.

Сервис өкілдерінің айтуынша, оның айналасында түрлі мобилді қауымдастықтар көбейіп кеткендіктен, солардан ерекшелену үшін осындай қадамға барған.

85f549681f79b125cd7de953a0dff706

“Жұмыс процесі кезінде біз әріптестерімізден Инстаграм логотипін 5 секундтық ұзақтықта суреттелсе деп сұрадық. Барлығы кемпірқосақты, объективті және бейнеіздеушіні бейнеледі. Біз осы қасиеттерді тоғыстыра отырып тың дизайн жасағымыз келді”, – дейді Инстаграм компаниясының дизайн жөніндегі басшысы Иен Спалтер.

Instagram өкілдерінің айтуынша iOS пен Android-қа арналған барлық қосымшалары 11 мамыр кұні кешкі уақытта барлық қолданушыларда бірдей жаңарған. Соңғы статистикаларға сүйенсек Инстаграмды ай сайын 400 миллион адам қолданады екен. Олардың төрттен бірі АҚШ-та орналасқан. Сервисте күн сайын 80 миллион фотография мен бейнежазба жарияланады. Ал жарияланымдардың жалпы саны 40 миллиардқа жеткен. Сондай-ақ, сервисте күн сайын 3,5 миллиард лайк басылады екен.

Талқылау