Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram қолданушылары арасында тізесін iPhone-мен өлшеу сәнге айналды

Қытайдың сәнқой қыздары тізелерінің көлемін iPhone телефонымен өлшеуді сәнге айналдырды.

Безымянный

Бұл елде өзін сәнқоймын деп есептейтін әрбір қыз осындай ғаламтор эстафетасына ат салысуы тиіс. Бұл бастаманы қолдау үшін батылық пен iPhone6 телефоны қажет. Мұндағы негізгі мақсат – адамның тізесінің қаншалықты сымбатты екенін анықтау.

knee-iPhone-6

Шығыс елдерінде қыздардың нәзік келетін тізесі аяқтарын сымбатты етіп көрсетіп қоймай, сонымен қатар оның өз салмағына қаншалықты жауаптылықпен қарайтынын білдіреді.

Осы ретте желі қолданушылары тізелерін iPhone6 телефонын көлденең қойып суретке түсіп жатыр. Олардың тізесі телефонның көлемімен бірдей болуы керек.

чч

Бұл телефонынның көлемі 5,4. Алайда, қолданушылар арасында тізесін iPhone6 Plus телефонымен өлшеп қулық жасайтындары да бар. Тіпті iPad-пен суретке түскендер де табылып жатыр.

Талқылау