Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инкассатор көлігіндегі 20 мың долларды жел ұшырып әкетті

Америкада инкассатор көлігінен ақша толы сөмкелер түсіп қалып, 20,5 мың долларды жел ұшырып әкетті.

уаау

Сурет mk.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Оқыс оқиға сәрсенбі күн таңертең Род-Айленд штатының астанасы Провиденсте орын алған. Brink’s компаниясына тиесілі инкассатор көлігі Род-Айленд ауруханасына қарай жол тартқанда, артқы есігі кенеттен ашылып кеткен. Автокөліктен үш сөмке түсіп қалып, ішіндегі ақша жерге шашылды. Инкассаторлар ақшаның тек бір бөлігін ғана жинап үлгерген, қалған 20,5 мың долларын жел ұшырып әкетті.

Талқылау