Ыңғайсыздық тудыратынымды білемін, бірақ бізде бір ғана президент бар – Назарбаев 

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев XII Астана экономикалық форумында «Қазақстанда екі президент бар» деген пікірге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

«Мен өз принципіме берікпін. Прездиент пен халық бірін-бірі түсінгенде мемлекет жетістікке жетеді. Халық ұлт көшбасшысының бағдарламасы мен идеяларына қолдау көрсетуі тиіс. Менің президенттігім кезінде солай болды. Елмен тығыз жұмыс істедім. Тәуелесіздік алғаннан бері қатысқан бес сайлауда электораттың 85%-нен төмен дауыс жинап көрмедім.

Халықпен түсіністіктің арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Егер өз кандидатурамды ұсынсам, сайлауда жеңіске жететініме 100% сенімдімін. Бірақ жаңа буын, жаңа команда билікке келуі керек», - деп айтты Назарабев. 

Ол келесі президенттің «Қазақстан-2050» бағдарламасын жалғыстыратынын және Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына кіруі үшін жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, Назарбаев «Қазақстанда екі президент басқарады» деген сөздерге қатысты ойын айтты.

«Сіздерге ыңғайсыздық тудырып жатқанымды білемін. Алдымен «тұңғыш президентті», сосын «президентті» хабарлайсыздар. Қазақстанды екі президент басқармайды. Бір ғана президент бар және ол – ең бастысы», - деп жауап берді тұңғыш президент. 

Назарабев осыған дейін миллионер қалалардың қатарына Қарағанды мен Ақтөбе қосылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр