Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезиялық өзінің 146-ші туған күнін атап өтті

Ресми деректер бойынша ең ұзақ өмір сүріп жатқан адам болып саналатын Сапарман Содимеджо өзінің 146-ші туған күнін атап өтті. Оның туған күні Жаңа жылмен тұспа-тұс келген екен.

pic_5ba79ff282c11f33f0baabacb11e37b9

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Құжаттарда оның 1870 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келгені жазылған. Содимеджо өміріндегі айтулы күнді Ява аралында туысқандарымен бірге атап өтті. Жасына қарамастан ол өзі еркін қозғала алады.

Басылымның хабарлауынша, Содимеджо он бауыры мен әпке-қарындастарын және 4 әйелін жер қойнына тапсырған. Балалары да тірі қалмаған екен. Есесіне өзін ерекше жақсы көретін немерелері мен шөберелері бар.

Ал ресми деректерге келетін болсақ, 1903 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген Исраэль Кристал әлемнің ең жасы үлкен тұрғыны болып есептеледі. Биыл ол 113 жаста. Ал әлемдегі ең қартаң әйел – 117 жастағы италиялық Эмма Морано.


Жіберіп алмаңыз:

Әлемдегі ең қорқынышты жер анықталды

Әлемдегі ең улы жылан шаққан бала тірі қалды

6 қыздың суреті ғаламтор қолданушыларын тұйыққа тіреді

Тест: Қаншалықты бұзылған адамсыз?

Талқылау