Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда тұрғындар интимді қатынас қуыршағын періште деп танып келген (фото)

Индонезиядағы ауылдардың бірінің тұрғындары бірнеше апта бойы интимді қатынасқа арналған қуыршақты періште деп танып келген. Оларға барлық шындықты әлеуметтік желі қолданушылары айтып берген.

а

Сурет: GLOBAL LOOK press\Peter Menzel

Индонезияың ауыл тұрғындарының айтуынша, олар тылсым құбылысқа куә болған. Олар аспаннан қуыршақтың теңізге құлап түскенін көрген. Оны судан тауып алған балықшылар қуыршақтың төмен қарап су бетінде жатқанын, көзінен жылағандай болып су тамшылап тұрғанын айтқан.

е

Сурет: dni.ru

Балықшылардың бірі оны үйіне алып кетіп, киіндіріп, біраз уақыт бойы күтім жасаған. Содан кейін оны сруетке түсіріп, желіге жариялаған. Желі қолданушылары оның ешқандай періште емес екенін, оның жай ғана интимді қатынасқа арналған қуыршақ екенін айтқан.

Балықшы осыдан кейін жергілікті полиция бөліміне хабарласқан. Ондағылар да қуыршақтың интимді қатыснасқа арналғанын айтқан. Соңынан ер адам оның аспаннан құлағанын өз көзімен көрмегенін мойындаған. Қуыршақты әлдекімдер ұшақ бортынан лақтырып жібергенге ұқсайды.

Талқылау