Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезиядағы ұшақ апатында мерт болған жігіттің қалыңдығы оның соңғы арманын орындады

Индонезияда болған ұшақ апатынан көз жұмған жігіттің қалыңдығы оның соңғы арманын орындап, тойға арналған фототүсірілім жасады.

Индонезиядағы ұшақ апатында мерт болған жігіттің қалыңдығы оның соңғы арманын орындады

Интан Шьяри мен Рио Нанда Пратама 13 жылдан бері таныс болған. Олар 11 қарашада шаңырақ көтеруды жоспарлапты.

Рио Нанда Пратама дәрігер болып жұмыс істеген. Ол сол кезде Джакартаға семинарға кетіп, той уақыты жақындағанда үйіне қайтып келмек болады. Алайда сол рейс оның өмірін үзген-ді, деп хабарлайды ВВС агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.

Күйеу жігітінің өліміне қатты қайғырған қалыңдық оның арманын орындап, үйлену тойына арналған фототүсірілім жасады.

Оның айтуынша, Рио ұшаққа отырар алдында әзілдеп, егер тойға дейін қайтып үлгермесе, тойға арналған фототүсірілмді жалғыз өзі өткізіп, фотосуреттерін жіберуін сұрапты.

Бойжеткен «Инстаграм» желісіндегі парақшасында марқұм күйеу жігіті өзінің алғашқы махаббаты болғанын мойындады. Ол жігітімен 13 жылдан бері таныс болыпты. Бойжеткен өз жазбасында күйеу жігіті үшін күліп жүруге тырысатынын жазған.

«Қайғыры алмаймын. Және мықты болуым керек. Сен маған үнемі солай айтатынсың», – деп жазды ол.

Ерекше фототүсірілімге шақырылған фотосуретші желіде бірнеше сурет жариялап, ғашықтардың қайғылы оқиғасымен бөлісті.

Интанның күйеуі жігітін туыстары 6 қарашада таныған еді. Ол екі күннен кейін жер қойнына тапсырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы әуеде жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Boeing 737 ұшағы құлаған жерден видео жария болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау