Индонезиядағы апат: Сахнада ән салып тұрған әншілерді толқын шайып кетті (видео)

Seventeen тобының концерті ойламаған жерден тоқтап қалды. Әншілерді толқын шайып, көрермендер жан-жаққа қаша бастады.

Seventeen тобыны екі мүшесі мерт болды. Осы топ құрамындағы 4 адам іздестірілуде.

Индонезиядағы апаттан 22 адам құрбан болды, 843 адам зардап шекті. 28 адам із-түссіз жоғалды.

Оқиға жексенбі күні болды. Қатты соққан толқын  Анак-Кракатау жанартауынан болуы мүмкін деген болжам бар.

Ел билігі өңірде апатты жағдай қайталануы мүмкін деп сақтандырды. Құрбандар арасында шетелдік азаматтар жоқ.

Қазақстандық дипломаттардың алдын ала мәліметі бойынша елде апатты жағдай қалған отандастарымыз жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр