Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезиядағы адам уланып өлген кафеге саяхатшылар бірден көп келетін болған

Индонезия астанасы Джакарттағы адам өлімі болған кафе туртсер жиі баратын орынға айналған. Тура осы дәмханада қаңтар айында жергілікті тұрғын  кофеден уланып өлген еді,-деп жазады The Daily Mail

кафеее

Саяхатшылар Olivier Grand Cafe-сіне жиі баратын болған. Тура осы жерде  индонезиялық  Вайан мирна Салихин (Wayan Mirna Salihin) кофесіне қосылған калий тұзынан уланып қайтыс болған еді.

Елге келген саяхатшылар осы кафеге арнайы  қайтыс болған қыз ішкен кофені іздеп, дәмін көру үшін келеді екен. Алдарына қойылған кофенің дәмін татпай тұрып суретке түсіріп алатындар да көбейген. Саяхатшылардың сөзінше бұл кафеге келушілердің артқаны соншалық кездейсоқ келген адамға орын жоқ. Алдын ала тапсырыс бергендер ғана бұл жерден дәм тата алады.

Қайғылы оқиғадан кейін сәуір айында саяхатшылардың бірі  осында отырып «Калий тұзынсыз кофе» деген жазбамен  желіге балмұздақ қосылған мұздай кофенің суретін жүктеген. Сол жазба жарнаманың бастауы болса керек, келушілер саны бірден артқан.

27 жастағы  индонезиялық Джессика  Кумала  Вонгсо (Jessica Kumala Wongso) 6 қаңтар күні тура осы кафеде  Салихин есімді құрбысымен кездескен еді.

Вонгсо құрбысына балмұздақ қосылған мұздай кофе ұсынған.  Сусынды бір ұрттағаннан кейін-ақ  Салихиннің аузы көпіре бастаған. Қыздың жаны ауруханаға барар жолда-ақ шығып кеткен.

Медициналық сараптама қорытындысы қыз ағсасында калий тұзының болғанын айтқан. Қыздың құрбысы Вонгсо 30 қаңтар күні  қайғылы жағдайға күдікті ретінде қамауға алынған. Тергеу болжамы бойынша қыздың кофесіне уды құрбысы қосып жіберген. Күдікті мұнымен келіспей отыр. Ал полиция болса қыздың мұндай әрекетке баруына қызғаныш әсер еткен, кек алған болуы мүмкін деп болжайды.

 

 

Талқылау