Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда салмағы 9 келі болатын сәби дүниеге келді (фото)

Индонезияда 41 жастағы ана дүниеге әлемдегі ең ірі болып саналатын сәбиді әкелді, оның салмағы 8,7 келі.

JbUwZjUiQURAODss-lg

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай Ани Руссидин қант диабетімен ауырған. Оның зардабы жатырдағы баланың дамуына әсер етсе керек. Сәбидің анасы жүкті кезінде үнемі дәрігерлердің бақылауында болды. Бала кесарь тілігінің көмегімен дүниеге келді.

20160519071515

Оның салмағы 8,7 кг, ал бойы 62 сантиметр. Айта кетейік, қазір анасының да, бүлдіршіннің де жағдайы жақсы. Сонымен бірге, бұл сәби әлемдегі ең ірі шақалақ болып табылады. Дүние есігін енді ашқан кішкентай Акбарды көру үшін аурухана қызметкерлері кезекке тұрған екен.

Талқылау