Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда ресейлік дайвер қолтырауынмен қақтығыста қайтыс болды

Индонезияның Раджа-Ампат аралында ресейлік 37 жастағы дайвердің денесі табылды. Ер адам қолтырауынмен қақтығыста алған жарақатының кесірінен қайтыс болған.

Безымянный

Сурет ria.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ресейлік азамат 26 наурыздан бастап жоғалып кеткен екен. Оның із-түссіз жоғалуына байланысты достары полицияға хабар берген.

Туристің денесін жергілікті тұрғындар жағалаудан 29 наурыз күні тапты. Оның жарақатына қарап зерттеушілер бұл қолтырауынның шабуылынан болған деп болжады. РФ елшілігі қызметкерлері азаматтың есімін атаған жоқ.

Талқылау