Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда мототаксистер қолтығының қолаңса иіс бар жоғына қарай іріктеуден өтеді

Үміткерлер белгіленген уақыт бойы қуаты күшті желдеткіш алдында екі қолын көтеріп тұруы керек. Осылайша мотоциклмен жүру кезінде жүргізушіден қолаңса иісінің шығатыны, шықпайтыны туралы анықтайды.

pic_40eeb0ccfa894ff80b5c1ae3cab04842

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Мұндай тексеріс түрін UberJek компаниясының негізін қалаушы Арис Вахьюди ойлап тапты. Иісті арнайы қызметкер  анықтайды.

Компания басшысы осы арқылы жолаушыларға қолайлы жағдай туғызуды ойлаған. Сонымен қатар, жолаушылар жол жүрген соң, мототаксист жайлы онлайн жүйеде пікір қалдыра алады. Негативті пікірлерге ие болған жүгізуші жұмыстан босатылады.

Оджеки деп аталатын мотожүргізушілер қызметі Индонезияда кең таралған. Соңғы кездері нарықта Go-Jek компаниясы Uber тәжірибесін және онлайн жүйе орнатқалы бері бәсекелкестік орын алған. 2015 жылы мототаксистер қызмет көрсететін 10 компания құрылған. Олар бірінен бірі асуы үшін небір ерекшеліктерді ойлап тауып отыр. Мәселен, Ojeks Syari фирмасында джильбаб деп аталатын  көзі мен білегіне дейін жабық тұратын киім киген әйелдер қызмет көрсетеді.

Талқылау