Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып питон жыланы ер адамды жұтып қойды

Индонезияда алып питон жыланы ересек ер адамды жұтып қойды. Бұл туралы 28 наурыз күні хабарланған.

piton_sel_dikobraza_2

Оқиға Сулавеси аралында болды. 25 жасар Акбар Салубиро жексенбі күні жоғалып кетеді. Ол осы күні ол көрші ауылға барып келмек болған. Ертесінде  ауыл азаматы туралы ешбір хабар болмағанына алаңдаған тұрғындар оны іздей бастайды. Кейіннен көршілері үйдің артынан орта тұсы дүңкиген 7 метрлік алып жыланды көреді. Олар жыланның ішін жарып, Салубироны тауып алды.

Ауыл кеңесінің өкілі жылан табылатын күннің түнінде адамдар пальма алқабынан әлдекімнің шыңғырған даусын естіген, алайда онда ешкім бара қоймаған. Адамдардың неге көмекке бармағанын ол айтқан жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда жас жігіттің денесін пойыз белден төмен басып өтті (видео)

АҚШ-та жас отбасы сәбилеріне Аллах деген фамилия беру үшін билікпен күресіп жатыр

Үндістанда үш аяқты қыз дүниеге келді (фото)

Талқылау