Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезия тұрғыны өзінің шағын автобусын мешітке айналдырды (фото)

Индонезия астанасы Джакарта қаласының тұрғыны өзінің шағын автобусын мешітке айналдырды. Ол бұл қадамға қала мұсылмандары намаздарын қаза етпеуі үшін барған екен.

19fa2bfab3e7be932ef99e59b6e0417e_L

 

«Бір күні мен жұбайымды үйге алып қайтып, онан соң мешітке соғып дінімізде уақытында орындалуы міндетті намазды оқуды ойлаған едім. Алайда, жолда көлік кептелісінде қалдым. Сол кезде мен намазды осы көлікте оқып алуды дұрыс көрдім» дейді Сутикно есімді мұсылман.

Уақыт өте ол өзінің көлігін толықтай мешітке лайықтап жасақтауды жоспарға алады. Көлігін жасыл түске бояп, ішіне кілемшелер төседі.

Indo3

Енді оның «мобильді мешіті» адамдар көп шоғырланған, мешіттен өте алыс жерлерге келіп, мұсылмандардың уақытылы намаз өтеуіне көмектесетін болады. Ал қалалықтар дәл осы көліктің ішінде немесе сыртында құлшылықтарын орындай алады. Оларға сондай-ақ дәрет алуына мүмкіндік пен арнайы киім де беріледі.

Айта кету керек, Индонезия әлемнің мұсылман халқы көп елдің бірі. Мұнда 2020 миллион мұсылман тұрады. Елде 800 мың мешіт бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік өзіне ота жасату үшін жұма сайын мешіттің алдында қайыр сұрап жүр

Авиа тасымалдаушы соғыс кемесінде намазхана ашылмақ

Талқылау