Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезия тұрғындары 8 метрлік жыланның ішінен 54 жастағы әйелдің денесін шығарды (видео)

Желіде Индонезиядағы Сулавеси аралының тұрғындарының 54 жастағы әйелді жұтып алған сегіз метрлік жыланды қалай сойып жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Индонезия тұрғындары 8 метрлік жыланның ішінен 54 жастағы әйелдің денесін шығарды (видео)

Видео YouTube каналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

Жергілікті тұрғындар алып жыланды сойып, оның ішінен жәбірленушінің денесін шығарып алды. Суреттен қоңыр шалбар мен қара қызыл көйлек киген әйелді көре аласыз. Марқұмның денесі шырышты қабықпен жабылып қалған. Бұл алып жылан ас қорыту процесін бастады дегенді білдіреді.

8 метрлік торлы жылан арал тұрғынына кешке уақытта шабуылдаған. Ол үйінен бір шақырым қашықтықта орналасқан жердегі көшеттерін тексеруге барған әйелді тірідей жұтып алған. 54 жастағы әйел таңертең үйіне келмеген соң, туыстары оны іздей бастаған. Индонозиялық әйелді іздеп шыққан әпкесі көшет отырғызылған жерден тек іздер мен аяқ киім және қолшам тауып алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау