Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда улы жылан шағып алған әнші сахнада қайтыс болды (видео)

Индонезия әншісі Ирма Бьюл атақты жылан шоуында жылан шағып алған соң сахнада 45 минуттан кейін көз жұмды.

Кобра жыланы 29 жастағы әншіні концерт кезінде шағып алған. Алайда, әнші 45 минут бойы ән салуын доғармаған. Бьюлдың аузынан көбік шашып, талмасы ұстаған сәтін тыңдармандары видеоға түсіріп алған.

Оқиға Батыс Ява провинциясының Караванг пункінде болған. Әнші абайсызда кобра жыланының құйрығынан басып кеткен. Сосын жылан оның санынан шаққан. Әнші ауруханаға жеткізілген. Алайда, дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлаған.

Қазір полицейлер әншінің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Индонезия әншісі жылан шағып алған соң 45 минуттан кейін сахнада қайтыс болды

Индонезия әншісі Ирма Бьюл атақты жылан шоуында жылан шағып алған соң сахнада 45 минуттан кейін көз жұмды.

Кобра жыланы 29 жастағы әншіні концерт кезінде шағып алған. Алайда, әнші 45 минут бойы ән салуын доғармаған. Бьюлдың аузынан көбік шашып, талмасы ұстаған сәтін тыңдармандары видеоға түсіріп алған.

Оқиға Батыс Ява провинциясының Караванг пункінде болған. Әнші абайсызда кобра жыланының құйрығынан басып кеткен. Сосын жылан оның санынан шаққан. Әнші ауруханаға жеткізілген. Алайда, дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлаған.

Қазір полицейлер әншінің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Кобралар – ең үлкен улы жыландар. Олардың ұзындығы  5,5 метрге дейін барады. Ал, салмағы 9  келіні құрайды. Олар Үндістанның оңтүстігі мен Азияның оңтүстік шығысында мекендейді. Бұл жыландар пілді де бір рет шағып өлтіре алатын көрінеді.

Талқылау