Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Имам: Оқушылар тәрбиесі – басты назарда

Осыдан бірнеше күн бұрын сайтымызда «Қызылордада мектеп оқушылары сабақтарынан қалып, апта сайын жұма намазға барады» деген мақала жарық көрген болатын.  Материал ғаламтор қолданушыларының арасында кеңінен таралып, көп талқыға түсті. Осы орайда, Қызылорда қаласындағы Айтбай мешітінің қызметкерлері хабарласып, аталмыш бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

имам

Айтбай мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеков қазіргі таңда ислам дініне бет бұрып, мешітке келушілердің қатары артқандығын жеткізеді. Олардың ішінде мектеп оқушыларының да  аз еместігін айтады.

«Жас жеткіншек үшін бірінші кезектегі міндет – білім алу. Бүгінгі таңда ата-аналар, ұстаздар тарапынан шағымдар болған емес, білім орнын тастап немесе ұстазға бағынбай мешітке кетіп қалған оқиға тіркелген жоқ», – дейді дін қызметкері.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде білікті имамдар мен дінтанушылардан құралған арнайы ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істеп жатқанын айтты. Арнайы акциялар ұйымдастырылып, түйінді мәселені талқылауға арналған дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады екен. Нұржан Керімбеков бұл жұмыстардың барлығы тиісті нәтиже беретініне сенімді.

 

Талқылау