Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Имам: Алматыда ұсталған күдіктінің қалтасынан табылған хат салафилерге тиесілі

Маңғыстаулық имам Алматыдағы атысқа қатысы бар деп ұсталған күдіктінің қалтасынан табылған хаттың салафилерге тиесілі екенін айтады.

13689446_1100699573332901_2038263725_n

18 шілде күні болған Алматыдағы атыстан соң екі күдікті қолға түскен еді. Оның бірінің қалтасынан діни жазулар жазылған хат табылған болатын. Алайда, полицейлер жарты күн іздеген екінші күдіктінің оның сыбайласы емес, кепіл тұтқын болғанын хабарланды.

Маңғыстаулық имам Исмайыл Сейітбеков болса қағазға жазылған жазба сәләфи ағымының ақидасы бойынша кәлиманың 7 шарты екенін айтып отыр.

«Алматыдағы террорлық әрекетті жасағандар сәләфиттер екені тағы дәлелденді. Сәләфиттер өздерін судан таза, сүттен ақпыз, террорлық әрекетті жасайтындар тәкфирлер деп, тәкфирлерді жамандауға кіріседі. Ал, ұсталған жігіттің қалтасынан шыққан қағазда Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб негізін қалаған уаһһаби, сәләфи ағымының ақидасы бойынша кәлиманың 7 шарты жазылған. Сәләфилер сол шарттарға сәйкеспеген адамды мұсылман санамай кәпірге, адасқанға шығарады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде мұндай 7 шарт жоқ және ешбір жанға исламды қабылдар кезінде мұндай талап қоймағанын білеміз. Әһлу сүннет сенімі бойынша Лә иләһә иллалаһ Мухаммадур расулуллаһ деген адам мұсылман саналады. Сол қағаз лаңкес жігіттің сәләфи екеніне нақты дәлел деп санаймын. Бұған сәләфилер не уәж айтар екен?», – деп жазады ол Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы күдіктінің бұған дейін екі рет сотталғанын және түрмеде салафизм ұстанушыларымен тығыз байланыста болғанын мәлімдеген еді.

Ал, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек мұның артында салафилер тұр деп айту әлі ерте деген болатын.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді.

Талқылау