Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«I`m a singer Kazakhstan» жобасы күміс көмей, жез таңдай таланттарға іздеу салды

«I`m a singer Kazakhstan» халықаралық таланттар шоуының екінші маусымы басталды. Биылғы жылы байқаудың жеңімпазы 50 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Теңдесі жоқ жобаға қызығушылық танытып отырған елдердің қатарында әзірге Грузия, Түркия, Корея, Үндістан және Қытай елдері  бар.

«I`m a singer Kazakhstan» жобасы күміс көмей, жез таңдай таланттарға іздеу салды

Бұл жайында 31-арна ұйымдастырған баспасөз мәлихатында айтылды, деп хабарлайды жиынға қатысқан Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Таланттарын шыңдауға асығатын елдер қатары одан сайын артуы мүмкін екен. Жоба ұйымдастырушылары  алғашқы маусым елдің көңілінен шығып, рейтинг есебі еңбектерін ақтапты.

«Көрермендер көңілінен шықты. Өте биік дәрежелі, үлкен рейтинг жинадық. Сонымен қоса, бірінші “I’m a singer-ді” 6 мемлекетте 200 миллионнан астам көрермен көрді. Бұндай жоба Қазақстанда ешқашан бұрын болған емес», – деді “31 арнаның” Бас директоры Бағдат Қожахметов.

«I`m a singer Kazakhstan» жобасы күміс көмей, жез таңдай таланттарға іздеу салды

«I`m a singer Kazakhstan» шоуының екінші маусымы жаңа формат, жаңа қазылар алқасы, жаңа үлгідегі дауыс берумен ерекшеленбек. Ән байқауда 4 бірдей музыкалық сарапшы болады. Соның бірі белгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев.

«Үлкен, қомақты қаржы жұмсалғалы тұр. Бірдей алдыңғы 3 орынға 50 миллион теңгенің көлемінде қаржы жұмсалмақшы. Яғни, бұл деген үлкен жақсы дүниеге үлкен нық қадам деп есептейміз. Сол орайда қалыс қалмаңыздар!» – деп ағынан жарылды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев.

Халықаралық ән байқауына 16 жастан асқан кез-келген адам қатыса алады. Тек ән айта алуы керек. Қатысушаылар “singer.31.kz” сайтына кіріп, сауалнама толтырулары қажет. Өтініштер 28 шілдеге дейін қабылданады. Айта кетейік, бас жеңімпаз Алматыда Республика сарайында жеке шығармашылық кешін өткізуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, ән жаздырып, бейнебаян түсіре алады. Тіпті, оны отандық радиостансалар мен музыкалық арналар бір жыл бойы  тегін эфирге шығарады екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау