Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильиннің жеке бапкері өзінің қызметтен кететінін мәлімдеді

Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің жеке бапкері Тойшан Бектеміров Ұлттық команда және спорттық резевр штаттық дирекциясымен келісім-шартты үзетінін мәлімдеді.

ывм

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Қазақстан ауыр атлетикасының және әлемнің көшбасшы спортшысы, екі дүркін олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің биылғы Рио олимпидасына бара алмайтыны бірер ай бұрын белгілі болған. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Ильин 2008 жылғы Пекин олимпиадасында допинг қабылдады деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, дәл осындай айыптауға олимпиада чемпиондары Мая Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанлолар да ілінген.

“Мұны неге ешкім шеше алмады. Әрине, бәрі саясат деп айту оңай. Бірақ факт факт болып қалады. Егер Ильяны допинг қабылдады деп кінәлап, сайыстардан шеттетіп жатқан кезде, оның айналысындағы біздер де қандай да бір жауапкершілікті сезінуіміз керек. Ол айыпталып жатқанда маған құр жалақы алып жүре беруге болмайды. Сол себепті мен осындай қадамға бардым. Мені бәрі дұрыс түсінеді деп үміттенемін”, – деді Бектеміров.

Талқылау