Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильиннің олимпиада медалі поляк спортшысына берілді

Поляк ауыр атлеті Шимон Колецки ресми түрде Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиаданың 94 келіге дейінгі салмақтағы чемпионы атанды.

thumb_10153.1450065619

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Бейжіңде 2008 жылы алынған допинг-сынаманы қайта зерттеу нәтижесінде тыйым салынған зат алтын алған Илья Ильиннің, үшінші орын алған ресейлік Хаджымұрат Ақаевтың қанынан табылды.

Ол кезде Шимон Колецки екінші, Грузияның атынан шыққан Арсен Касабиев — төртінші орынға ие болған еді. Енді олар, тиісінше, алтын, қола жүлделерге ие болады.

Еске сала кетсек, 23 қараша күні қазақстандық ауыр атлет Ильия Ильиннің 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарында алған алтын жүлдесін кері қайтарған еді. Кейіннен Илья Ильин енді кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлап, баспасөз жиынын өткізді. Қазақстандық ауыр атлет те допинг пайдаланды деп күдікке ілініп отыр.

Бұған дейін ХОК Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зулфия Чиншанлоның да олимпиадалық алтын жүлделерін тартып алған. Тиісінше, тағы бір қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешовтың да Лондон олимпиадасындағы көрсеткішінің күші жойылды.

Оқи отырыңыз:

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Талқылау