Ильиннің бапкері: Нидің ұсынысымен Олимпиададағы аккредитациямның күші жойылды

Сейсенбі, 23 Тамыз , 2016 17:39

Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы олимпиада ойындары кезінде ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өз ішінде қып-қызыл дау орын алған.

17_main

Фото: wfrk.kz

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.

Илья Ильиннің жеке бапкері Ержас Болтаевтың айтуынша, еліміздің ұлттық олимпиада комитеті оның Александр Зайчиковты тұғырға шығар сәтте қасында болуына тыйым салған. Олар бұл шешімдерін біздің елге арнап санаулы ғана аккредитация бөлгендігімен түсіндірген. Александр мен Денис Улановтың жеке бапкері Ержас Болтаев осылайша олимпиада кезінде олардың қасында болу құқығынан айырылған. Ал Зайчиков осы олимпиада ойындары кезінде қола жүлде алса, Уланов төртінші орынға ие болған еді.

Ол осылайша бару-қайту ақшасы мен қонақүй, виза шығынан да өзі көтеріп, шәкірттерін қолдау үшін Риоға барады. Арнайы рұқсаты болмағандықтан бапкерді олимпиадалық ауылға да кіргізбей жаттығу жұмыстарына араласа алмайды. Ақыры Александр мен Денисті ол телефон арқылы “дайындайды”. Бірақ, Денис Уланов шығар сәтте ол аккредитацияға ие болады. Бұл үшін Болтаевтың спорт және мәдениет вице-министрі Сәкен Мұсайбековке алғысы зор.

“Ал келесі күні-ақ менің аккредитациямның күшін жойып тастады. Таңертең Александрдың жаттығуына келгеніммен, кіре алмадым. Сөйтсек, Ұлттық олимпиада комитеті Алексей Нидің ұсынысымен Халықаралық олимпиада комитетіне хат жазып, менің аккредитациямның күшін жойыпты. Ал себебі не үшін дегенге келсек, ол менің тәртібіме байланысты екен. Сірә, мен олармен дөрекі сөйлесіп, тіпті Алексей Ниді “жұдырықтаған” сияқтымын. Елестетіп көріңізші?”, – дейді Болтаев.

Зайчиковты тұғырға кім алып шығады деген кезде, үміткерлер арасында ұлттық штаттық командалар дирекциясы директоры Қайыргелді Жанпейісов болған екен.

“Ол бізді үнемі қолдайтын. Ол үшін алғысым өте көп. Бірақ, мен ол кісіге жаттығу кезінде қатыспай-ақ қойсаңыз болады деп айтқанмын. Яғни, балаларды дайындау менің шаруам. Енді ол бапкер емес директор ғой. Мүмкін осы сөзім дөрекі естілген болар. Білмеймін…Бірақ, осы сөзді айтқаным рас. Ол “жақсы” деді де кетіп қалған. Ал ҰОК хатты Ни мырзаның ұсынысымен жазып, оған комитеттің бас хатшысы Данияр Абулғазин қол қойған. Сайыс басталуға екі сағат қалғанда “Алексей Геннадьевич мен сізді ұрдым ба?” деп сұрадым, ал болса “жоқ, сен мені ұрмадың” деп жауап берді. Жарыс басталуға бірер күн қалғанда Александр Зайчиковтың өзі оған олимпиада кезінде Ержас Болтаев пен Тойшан Бектеміровтың керек екенін айтып ресми хат жазды. Оған не Ұлттық олимпиада комитеті, не ұлттық штаттық командалар дирекциясы, Федерация тарапынан ешкім пысқырып та қарамады,” – дейді бапкер.

Неліктен Алексей Ни мұндай қадамға барды деген сауалға Ержас: “Оның бар мақсаты тек мені орныма қою болды. Ол менің олимпиаданы теледидардан тамашалап, ештеңе істей алмай, өз шәкірттеріме көмектесе алмай жатқанымды қалады. Оған Зайчиковтың медалі қызық болған да жоқ. Оған дейін Рахимов, Жаппарқұл, Горичева мен Харки жүлде алып тапсырманы орындап тастаған”, – деп жауап берді.

Рио олимпиадасында ауыр атлеттерден 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ниджат Рахимов алтын алып, (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) иеленген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ни вобще-то керек емес

  • Анонимно says:

    sssssaaaaaaaaaaaaaa

  • Марат says:

    Ержастың шәкірттері үмітті ақтады Елімізге жүлделі орын алып келді. Нидіңде еңбегін бағалаймыз.

  • Анонимно says:

    Ниді босата салу керек ау шамасы. Енбеги зор, алғыс айтып давай орынды босат деу керек кой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар