Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильинді марапаттау рәсімінде тағы да Қазақстанның ескі әнұраны шырқалды

Бүгін Грозный қаласында өткен ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнирде ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақта бақ сынаған Илья Ильин 2 мәрте әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Тағы бір спортшымыз Александр Зайчиков күміс медаль иеленген еді.

ильяяИльиннн

Жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны тағы да ойналды. Бастапқыда жеңіс тұғырында тұрған Александр мен Илья түсінбей қалып, бір-біріне қарады. Осыдан кейін Илья жарысты ұйымдастырушылар мен марапаттауға шыққан азаматтарға бұл ескі әнұран екенін айтты. Осылайша Ильяның табандылығының арқасында 2-3 минуттық үзілістен кейін еліміздің жаңа әнұраны шырқалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Илья алғашқы жұлқа көтеру сайысында 191 келіні бағындырып, бірінші орынға табан тіреген болатын. Ал екінші жаттығуда ол алғашқы мүмкіншілігінде-ақ қарсыластарынан оқ бойы озық болып, 231 келіні бағындырды. Осыдан кейін алтын медаль Ильяның қанжығасын майлаған еді. Бірақ ол тәуекелге барып бірден 246 келіге тапсырыс берді және оны еркін еңсерді.

Есте болса, өткен жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Илья Ильин 242 келіні бағындырып, әлем рекордын орнатқан болатын. Ал араға бір жыл уақыт салып даңқты спортшымыз өз рекордын жаңартып отыр. Қос сайыстың нәтижесінде де Илья 437 келі көтеріп жаңа рекорд орнатты.

Ал дәл осы салмақ санатында жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз, әлем чемпионы Александр Зайчиков жұлқа көтеруде 190, серпе көтеруде 226 келіні бағындырды. Осылайша ол екі жаттығудың қорытындысында күміс медальді қанжығасына байлады. Үшінші орын екі жаттығуда 411 келі көтерген ресейлік зілтемірші Тимур Наниевке бұйырды.

 

Талқылау