Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин велотурға қатысады

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада чемпионы Илья Ильин Бурабайдың көрікті жерінде төртінші рет өткелі отырған Charity Tour de Burabay 2016 қайырымдылық велотурына қатысады.

20160827120030

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мен велосипед жарысына қатысамын! Жақсы демалыс пен зор денсаулық тілеймін», – деп ауыр атлет әлеуметтік желіге жазды. Спортшы  Instagram желісіне велосипед мінген фотосын жариялады.

Айта кетейік, қайырымдылық велотурын тағы бір Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров ұйымдастырды. Веложарыс мақсаты – Көкшетаудағы Ақмола облыстық балалар ауруханасын қажетті құрылғылармен жабдықтау үшін 20 миллион теңге жинау.

Сонымен бірге, қайырымдылық аукционында жүзу бойынша Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі мен боксшы Геннадий Головкиннің қолғабы сатылымға шығарылады.

Жіберіп алмаңыз:

Алексей Ни қазақстандықтарды Илья Ильинді қолдауға шақырды

Илья Ильин отандастарын қолдау үшін Риоға аттанды

Илья Ильин: Жаттықпағаныма бір ай болды, зауқым жоқ

Илья Ильиннің жеке бапкері өзінің қызметтен кететінін мәлімдеді

Талқылау