Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин отандастарын қолдау үшін Риоға аттанды

Белгілі қазақстандық зілтемірші Илья Ильин спортшыларды қолдау үшін XXXI Олимпиада ойындары өтіп жатқан  Рио-де-Жайнероға ұшпақ.

«Біздің жігіттер Денис Ұланов пен Александр Зайчиковты қолдауға бара жатырмын», – деп жазды спортшы Инстаграмдағы өзінің парақшасына.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды медальдарымен құттықтады. Қазіргі уақытта Қазақстан жалпы медальдық есепте 11 орында. Қоржында – 7 медаль. Бүгін жүзгіш Дмитрий Баландин,  зілтемірші Нижан Рахимов олимпиада чемпионы атанды, күміс медальды дзюдошы Елдос Сметов пен зілтемірші Жазира Жаппарқұл еншіледі. Қола медальды дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг, ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева қанжығаларына байлады.

Еске салсақ, Илья Ильин Олимпиадаға допинг жанжалы салдарынан қатыса алмады. 2008,   2012 жж. олимпиадаларындағы допинг сынамалары оң нәтиже көрсетті, екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин жарыстан шеттетілді. Сонымен қатар допинг қолданбағанын дәлелдеу бойынша процесс жалғасуда.

Жіберіп алмаңыз:

Илья Ильин: Жаттықпағаныма бір ай болды, зауқым жоқ

Илья Ильиннің жеке бапкері өзінің қызметтен кететінін мәлімдеді

Илья Ильин Англияға қоныс аударатын болды

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Илья Ильин Рио Олимпиадасына қатыспайды

Илья Ильин: Мен Владимир Седовты құрметтеймін және бағалаймын

Талқылау