Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин: Мен Владимир Седовты құрметтеймін және бағалаймын

Ауыр атлет, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин журналистермен кездесуінде әріптесі Владимир Седовқа қатысты пікір білдірді.

thth

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Менің Володямен арамда ешқандай нашар қарым-қатынас жоқ. Шынымды айтсам, қазір шаруаларым басымнан асады…Вованың айтқандарына бас қатыратындай уақыт жоқ. Мен тек оған жиналу керек деп ойлаймын. Бәрібір мен оны құрметтеп, бағалаймын”, – деді Илья.

Бұған дейін Седов олимпиада чемпионына “видео сәлемдеме” жолдаған еді.

“Оның Рио олимпиадасына қатысуына үлкен мүмкіндік бар. Тек ол алаңға шығып қаншалықты мықты спортшы екенін көрсетуі керек. Айтқандарына келетін болсақ, ол оның жүйкесіне байланысты. Төртінші жыл – өте ауыр, тек ұжымдық түрде жиналып, командалық рухты жаңғырту керек”, – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Владимир Седов Қазақстан чемпионатында ресейлік спортшы Александр Ивановтың суреті бар жейде киіп шығып, “Міне нағыз олимпиада чемпионы!” деп айқайлаған болатын. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни мырза болса, Седовтың олимпиадаға бармайтынын айтты.

Ал Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Илья Ильин және қазақстандың тағы үш олимпиада чемпионын допинг дауына байланысты уақытша жарыстардан шеттеткен болатын. Кейінірек Ильияның Пекиндегі допинг сынамасына қатысты да шу шықты. Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Мая Манезаға қатысты нақты шешім 27 маусымда шығады.

Илья Ильин – екі дүркі олимпиада чемпионы (Бейжің – 2008, Лондон – 2012), үш түрлі салмақ категориясы бойынша төрт дүркін әлем чемпионы (2005 – 85 келі, 2006 және 2011 – 94 келі, 2014 – 105 келі), жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы (2005 – 85 келі, 2006 – 94 келі), Азия ойындарының екі дүркін чемпионы (2006, 2010 – 94 келі). Сондай-ақ, екі салмақ категориясы бойынша төрт әлемдік рекордтың иесі (94, 105 келі). Төрт мәрте әлемнің ең үздік ауыр атлеті атағына ие болған (2005, 2006, 2014, 2015). “Құрмет” орденінің иегері.

Талқылау